Зул-хижжаның он күні – бұл жылдың ең ұлы күндері

Жәбирден Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Бұл дүниенің ең жақсы күндері зул-хижжа айының алғашқы он күні болып табылады!» Әл-Баззар, Ибн Хиббан. Хафиз әл-Мунзири, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 50,  «Сахих әл-жәми’» 1133.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Зул-хижжа айының алғашқы он күнін ерекшелеудің себебі осы күндердің ішінде құлшылықтың намаз, ораза, садақа және қажылық сияқты ең маңызды түрлері жиналатынында екені айқын болады. Осының барлығы басқа уақытта бірге жиналмайды”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 5/137.

Сондай-ақ осы он күндікте Аллаһты зікір ету, тәкбірлер айту, мерекелі Құрбан шалу (Удхия) және басқа да көптеген рәсімдер заңдастырылған.

Аллаһ Тағала зул-хижжа айының алғашқы он күнімен ант етті, ал Аллаһтың анты осы күндердің ұлықтығы мен маңыздылығына нұсқайды. Аллаһ Тағала былай деген: «Таңмен ант! Он түнмен ант! Жұп және тақпен ант!» («әл-Фәжр» 89: 1-2).

Ибн ‘Аббас былай деген: “Он күн – бұл зул-хижжа айының алғашқы он күні!” Ибн Абу Хатим 19233. Хафиз Ибн Ражаб сахихтығын растаған.

Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деген: “Ал  «Ибн ‘Аббас: “«Он түн» – бұл Рамазан айының он күні”, — деп айтқан» деген хабарға келсек, оның иснады әлсіз”. Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 329.

Осы аятта «он түн» дегенде  зул-хижжа айының алғашқы он күні айтылатынын   Ибн әз-Зубайр, Мужаһид, Мәсруқ тағы да басқалар айтқан, әрі осы пікір, бұл туралы имам әт-Табари мен хафиз Ибн Касир т.б. айтқандарындай, ең дұрыс пікір болып табылады. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 30/190, “Тафсир Ибн Касир” 4/539.

Ал осы аятта айтылатын «таң» туралы айтар болсақ, Мужаһид: «Сөз әрбір таң туралы емес, дәл Құрбан Айт күнінің (10 зул-хижжа) таңы туралы болуда!», — деген. Ибн Абу Хатим 19232.

Ал «жұп пен тақ» сөздеріне келер болсақ, Ибн ‘Аббас өзінің пікірлерінің бірінде: «Жұп – бұл Құрбан (айт) күні, ал тақ – бұл Арафа күні», — деген. Қз.: “Тафсир Ибн Абу Хатим” 19244.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Зул-хижжаның он күні Рамазанның он күнінен жақсырақ, ал Рамазан айының он түні зул-хижжа айының он түнінен жақсырақ!”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 25/287.

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Көптеген хадистер зул-хижжа айының алғашқы он күні жылдың басқа күндерінің барлығынан жақсырақ екеніне нұсқайды, әрі олар Рамазанның соңғы он күнінен жақсырақ. Алайда Рамазанның соңғы он түні жылдың басқа түндерінің барлығынан жақсырақ, өйткені олар өзінің ішіне мың айдан жақсырақ болған Қадір түнін қамтиды”. Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 5/412.

You may also like...