Ең жақсы игі істер – бұл зул-хижжа айының он күнінде істелген істер

Ибн Аббастың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Аллаһ үшін зул-хижжа айының алғашқы он күнінде жасалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ [әрі (олар үшін берілетін сауаптан) үлкен сауап та жоқ]». Одан: “Тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та ма?», — деп сұраған кезде, ол: «Егер өмірі мен мал-мүлкін қауіпке салып, Аллаһ жолына шыққан әрі осылардың ешқайсысын қайтып алып келмеген адамды санамасақ, тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та», — деп жауап берді. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757. Осы жерде әт-Тирмизидің риуаяты келтірілген, ал тік жақшаларға алынған сөздер имам әд-Дәримидің риуаятында келген 1/357.

Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: “Бұл хадисте өзінен басқа бір амал артықшылыққа ие болған амал белгілі бір уақытта сауабы бойынша одан артық болуы мүмкін екеніне нұсқау бар. Әрі зул-хижжаның он күніндегі амалдар басқа уақытта жасалатын барлық басқа амалдардан артық!” Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/12.

Уа, мұсылмандар, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде істелген кез келген игі амалды тіпті  басқа уақытта жасалған жиһадтан да артық еткен Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген рахымына қараңыздаршы!

Имам Ибн Қудама былай дейтін: “Зул-хижжаның он күнінің барлығы ондағы игі амалдар сауабы бойынша екі есе көбейетін құрметті әрі ардақты күндер болып табылады. Әрі осы күндердің барысында құлшылықта ыждағаттылық таныту абзал болып табылады!” Қз.: “әл-Муғни” 3/105.

«Зул-хижжа айының он күні басталған кезде Са’ид ибн Жубайр құлшылық етуде өзгелер онымен теңдесе алмайтындай ыждағаттылық танытатын еді», — деп хабарланады. Әл-Бәйһақи 3752, әт-Тахауи 4/113.

Ал Са’ид ибн Жубайрдың өзі осы түндерді намаз оқумен өткізуге ынталандырып: «Зул-хижжаның он түнінде шамдарыңды өшірмеңдер!», — деп айтатын.  Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 426.

You may also like...