Құрбан айт күнінде айтылған құтпа

10З — [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізді: “Құрбан айт күнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтып: «Қай күн ең қасиетті болып табылады?»,деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің күн», — деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай ай ең қасиетті болып табылады?», — деп сұрады. (Адамдар): «(Осы) біздің ай», — деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай қала ең қасиетті болып табылады?», — деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің қала» (, — деп жауап берді). Сонда (Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің[1] және сендердің мал-мүліктерің сендер үшін осы қаладағы, осы айдағы осы күндерің сияқты қасиетті болып табылады. Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?!» (Адамдар): «Иә!», — деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! (Осыны) раста, — деді].


* Бұл төртінші құтпа болатын әрі ода ол Арафатта айтқандарын қайталады.

 

[1] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да бір рет мұсылмандардың өмірінің маңыздылығын және мұсылманның қанын төгумен байланысты қылмыстардың ұлықтығына нұсқады. Әрі бұған Құран мен Сүннеттің өте көп мәтіндері нұсқайды:

وَمَن يَقْتُلْ مُؤْمِناً مُّتَعَمِّداً فَجَزَآؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِداً فِيهَا وَغَضِبَ اللّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَاباً عَظِيماً

«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы — ішінде мүлде[1] қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ Аллаһ оған ызаланады, лағынеттейді және зор қинау әзірлеп қояды» («ән-Ниса» сүресі, 4: 93).

وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَن يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَاماً

«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе, күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе, жазасын алады» («әл-Фурқан» сүресі, 25: 68-70).

وَلاَ تَقْتُلُواْ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللّهُ إِلاَّ بِالْحَقِّ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер» («әл-Әнғам» сүресі, 6: 151).

Шейхул-Ислам Ибн Таймийя былай деді: «Өз негізінде Адам баласының қаны, заңды жағдайдан басқа, тыйым салынған (харам) және (төгуге) рұқсат етілмеген болып табылады. Әрі кәпірлердің қаны да, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өлтірген мысырлықтың қаны және біздің кезімізде Ислам шақыруы жетпеген кәпірлердің қаны сияқты, өз негізінде солай болғанындай, Исламның бастапқы кезеңінде тыйым салынған (харам) еді. Әрі Мусаға оның адам өлтіруі, ол бұл адамды қасақана өлтірмегендігіне қарамастан, бұл дүниеде де, Ақыретте де күнә болды!» Қз.: “әс-Сәримул-мәслюл” 2/210.

Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы қаралатын істердің алғашқысы – бұл қантөгіс!» Әл-Бухари 6864, Муслим 1678.

Имам әл-Мунауи былай деді: «Құлдар арасындағы алғашқы есеп айырысу адам өлтіруден басталады, себебі ол – көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә; әрі есеп айырысудың осыдан басталуының өзі бұл күнәның ауырлығына нұсқайды!» Қз.: “Фәйдул-Қадир” 3/347.

Абу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Опат етуші жеті күнәдан аулақ болыңдар!», — дегені жеткізіледі. Адамдар: «Уа, Аллаһтың елшісі, ол қандай күнәлар?», – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық ету; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің ақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау тіпті ойына да кіріп шықпайтын арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», — деді. Әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмін тыйым салынған қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». Әл-Бухари 6862.

Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, демек, ол тыйым салынған қанды төккен![1] Әл-Бухари 6863.

Көптеген тура жолға түскен адамдар тыйым салынған қанды төккендігі себебінен ғана адасушылыққа түсіп кетті. Және бұған мысал ретінде хауариждерді келтіруге болады. Адам өлтіру — олардың әдеттегі ісі еді және қазір де солай. Өйткені заңсыз адам өлтіру — үлкен күнә болып табылады, әрі бұл жөнінде ешқандай келіспеушіліктер де болмаған.  Ал үлкен күнә иманды әлсіретеді. Мұның үстіне, хадистерде осы іс адасушылыққа апаратын және Аллаһтың көмегінсіз қалдыратын себеп болып табылатындығына нұсқалған! Ал Аллаһ адамды тура жолға салмаса, ол қалайша тура жолға ілеспек?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды!» Абу Дауд 1/331, әт-Тирмизи 2/178, ән-Нәсаи 1/208, әт-Таялиси 338. Хадистің сахихтығын Абу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Нәуауи, шейхул-Ислам Ибн Таймийя және шейх әл-Әлбани растаған.

Абдуллаһ ибн Умардың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен жеткен хадисте  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қарай қару көтерген – бізден емес». Әл-Бухари 6874, Муслим 161.

Сондай-ақ Ибн Мәc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!»  Әл-Бухари 48, Муслим 116.

Ибн Аббастан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар мына үшеуі:  Қорықты орында* бола тұра ақиқаттан ауытқыған (адам);   надандық (жәхилиет) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген (адам) және қақысыз біреудің қанын төккісі келген (адам)».  Әл-Бухари 6882.

* Сөз Меккедегі Қорықты (Харам) Мешітінің аймағында күнә жасау туралы болып тұр. Хафиз Ибн Хажәр былай дейтін: «Бұл хадис Қорықты аймақта кіші күнә жасау  басқа жерде үлкен күнә жасаудан жаман екендігіне сырттай нұсқап тұр». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/219.

Ибн ‘Умар (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысқанда, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім»”. Әл-Бухари 6896. Өлтірілген бір адам үшін оны өлтіруге қатысқан барлық адам өлтірілетіндігі туралы сахабалар арасында бірауызды келісім (әл-ижма`) болған. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Са‘ид ибн әл-Мусайиб Санадан жеті адам бір жас жігітті өлтіргенде, Умардың: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысқанда, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім», — деп айтқанын баяндайтын. Сондай-ақ Алиден (Аллаһ оған разы болсын) ол бір адамды өлтірген үш адамды өліммен жазалағаны жеткізіледі.  Сондай-ақ Ибн Аббас та (Аллаһ оны мен оның әкесіне разы болсын) бір адамды өлтірген бір топ адамдарға қатысты осылай үкім шығарған. Және бұл жөнінде  олардың заманында келіспеушілік болғаны белгісіз, ал бұл олардың осы мәселедегі бірауызды пікіріне нұсқайды”. Қз.: “Әл-Муғни” 11/491.

Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Жундубтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деген сөздері келтірілген: «Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтын нәрсе – оның қарыны, ендеше, кім игі нәрседен өзге еш нәрсе жемей жүре алса, осылай істесін, әрі кім өзін Жәннаттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмауына қол жеткізе алса, оны төкпесін».

Хафиз ибн Хәжар былай деді: «Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да,  оның жағдайы марфу` (Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өздерінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 13/130.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен бұзақыларды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарында кездеспесе де, алайда олардың сахихтығын шейх әл-Әлбани “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде (1/629-634) растаған:

Әл-Бардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін мүміннің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!»[1].

Абу Са‘идтен және Абу Һурайрадан, Аллаһ оларға разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көктер мен жердің бүкіл тұрғындары бір мүмінді бірлесіп өлтіруге айыпты болса еді,  Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді», — деп айтқан.

Абу Бакрдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер көктер мен жердің тұрғындары бірігіп, мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».

Муғауиядан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ күпірлікте өлгеннен және мүмінді қасақана өлтіргеннен басқа кез келгенге оның күнәсын кешіре алады».

Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: ”Ібіліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, соған мен тәж кигіземін», — деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Бірақ Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», — деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытқанға дейін мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», — дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны азғыруымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!», — деп жауап береді. Сонда төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны азғыруымды  тоқтатпадым», — дейді. Оған ол: «Сен! Сен!», — дейді де, оған тәж кигізеді”.

Ибад ибн Саммиттен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім мүмінді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, әрі ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьядан «сонысына қуанған болса» деген сөздер туралы сұрадым, әрі ол: «Бүлік кезінде соғысатындар туралы сөз болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді»”.

Мұсылманды өлтіру былай тұрсын, тіпті ол туралы жаман ойлаудың өзіне тыйым салынған! Ибн Умар (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп: «Сен қандай әдемісің және сенің жұпар иісің қандай әдемі! Уа, сен қандай айбындысың және сенің қасиеттілігің қандай айбынды! Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, мүміннің қасиеттілігі Аллаһтың алдында сенің қасиеттілігіңнен ұлы! Оның мал-мүлкі мен қаны — қол сұғылмайтын және қасиетті, әрі біз ол туралы тек жақсы ойлауымыз керек». Ибн Мәжаһ 2619. Хадистің сахихтығын әл-Бусайри, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3420.

Осының барлығы мұсылманның Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқайды.

Алайда көпшілік: «Олар жеке пайымдарымен (қалауларымен) емес, біреудің бұйрығы бойынша адам өлтірсе, онда барлық жауапкершілік атқарушыға емес, тек бұйырушыға түседі», — деп ойлайды. Бұл олай емес және мұндай түсінікті Абу әд-Дарда жеткізген мына хадис жоққа шығарады:   ”Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Уа, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», — деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?», — деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», — дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Абу Шәйба 5/434, әт-Табарани 10407. Хадис хасан. Қз.: “Мәжма’у-ззауаид” 7/300.

Сондай-ақ адам тіпті жануарды қақысыз өлтіргені үшін де сұралатынын атап өту қажет! Ибн Умардан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды, немесе одан үлкендеу болған  біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған «Уа, Аллаһтың елшісі, оның қақысы неде?» деген сұрақ қойылды, және ол оған: «Оны бауыздап жеу, бірақ басын жұлып алып, тастау емес!», — деп жауап берді. Ән-Нәсаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Нәсаи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ “Сахих әт-тарғибті” 1/631 қараңыз.

Имам Абу Бакр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: «Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым салынғандығы сахих түрде мәлім және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал ендеше, Адамның ұлын немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын әрі ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!» Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/196.

Абу Са‘ид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілген хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан бір мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкаппар жәбірлеушіні; Аллаһқа серік қосқанды және қақысыз адам өлтіргенді», — деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2699.

You may also like...