Хунайд ибн Халидтің әйелінің сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір әйелдері: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнінде, зул-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде[1], әр айда үш күн, және дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын еді», — деп баяндағаны жеткізіледі. Абу Дауд 2437, ән-Нәсаи 2372, 2417, Ахмад 6/288, әл-Бәйһақи 285.

Хафиз Ибн Ражаб: Оның иснадына қатысты келіспеушіліктер бар, — деп айтқанындай, бұл хадистің сахихтығы туралы ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 461.

Аталған хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайық, алайда таластың басты себебі – оның сөздерінен осы хадис жеткізілетін Хунайдтың әйелі.  Бір имамдар ол туралы еш нәрсе белгілі емес деген, алайда  хафиз Ибн Хәжар ол сахаба әйел болған деп есептеген. Ол былай дейтін: “Бұл хадисті Хунайд ибн Халид өзінің әйелінің сөздерінен жеткізген, ал ол оны мүміндердің анасы Хафсадан жеткізген. Хунайдтың әйеліне келер болсақ, мен оның атын таппадым, бірақ ол сахаба. Сондай-ақ бұл хадис Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Умм Сәламадан да жеткізіледі”. Қз.: “Тақриб әт-тахзиб” 763.

Сахабаның есімінің белгісіз болуы хадистің сахихтығына зиян тигізбейді, өйткені барлық сахабалар сенімге лайық. Қз.: “әт-Тағлиқ әт-та’лиқ” 5/21, “Фәтхул-Бәри” 10/24.

Сондай-ақ бұл хабар енді Хунайдтың әйелінен емес, оның өзінен жеткізілген, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Хафса: ”Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) төрт нәрсені тастамайтын: Ашура күнгі оразаны, зул-хижжаның он күніндегі оразаны, ай сайын үш күн оразаны және таң намазынан алдыңғы екі ракағатты”, — деп баяндайтын хадиспен күшейтіледі. Ахмад 6/287.

Бірақ бұл риуаяттың жеткізушілер тізбегінде беймәлім болып табылатын  Абу Исхақ әл-Әшжа’и деген кісі бар. Көпшілік ғалымдар бұл хадисті растайтын куәліктердің болуы себебімен оны сахих деп санаған.  Олардың арасында мына ғалымдар да бар: имам әс-Суюты, шейх Сыддық Хасан Хан, шейх әл-Әлбани, шейх Мухаммад ибн Адам әл-Атюби. Қз.: “әл-Жәми’ әс-сағир” 7078, “әр-Раудату-нәдийя” 1/556, “әт-Та’лиқат әл-жияд” 4/38, “Сахих Сунан Абу Дауд” 2106, “Шарх Сунан ән-Нәсаи” 21/282 и 338.

Сондай-ақ көптеген имамдар да осы хадиске сүйеніп, оны өздерінің жинақтарында дәлел ретінде келтірген. Мысалы, имам Абу Дауд пен Ибн Мәжаһ бұл хадисті өз хадис жинақтарында келтірген әрі (ол келтірілген) бапты «Зул-хижжаның он күнінде ораза ұстау» деп атаған. Қз.: “Сунан Абу Дауд” 2/815, “Сунан Ибн Мәжаһ” 1/550.

Имам әш-Шәукани былай дейтін: “Бұл хадисте зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстаудың құпталатынына нұсқау бар”. Қз.: “Нәйлюл-аутар” 2/284.

Алайда кейбір ғалымдар аталған хадистің әлсіздігіне сондай-ақ оның Айша жеткізген «Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстағанын ешқашан көрмегенмін» деген хадиске қайшы келуі де нұсқайды деген. Муслим 1176.

Бұл дәйекке жауап:

Біріншіден, бұл туралы имам Ахмад айтқандай, бұл хадис имам Муслимнің «әс-Сахихында» келтірілгеніне қарамастан, оның иснадының сахихтығы жөніндегі күмән талқыланып жатқан хадистен кем емес. Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 328.

Ал хадистану ғылымындағы  әд-Дарақутни мен Абу Хатим сынды ұлы имамдар бұл хадистің тізбегінде бір жеткізуші қалдырылғандықтан оны мурсал деп есептеген. Қз.: имам әд-Дарақутнидің “әл-‘Иләл” 5/129 және имам Абу Хатимнің “әл-‘Иләл” 1/264 еңбектерін қараңыз.

Екіншіден, егер бұл хадистің сенімділігі бір мағыналы түрде қабылданатын болғанда да, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжа айының он күнінде ешқашан ораза ұстамағанына нұсқау жоқ. Айша мұны көрмегенін айтады, ал оның мұны көрмегені мұндай факт орын алмаған дегенді білдірмейді.

Бұдан қалса, кейбір имамдар Айшаның осы хадисіне сүйеніп, зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстау құпталмайтын амал деп есептеген. Алайда бұл пікір көптеген себептерге байланысты өте әлсіз.

Қады ‘Ийяд Айшаның хадисіне берген түсіндірмесінде былай деген: “Зул-хижжа айының тоғыз күнінде ораза ұстау мақұлданбайтынына қатысты бұл хадиске сүйенуге болмайды!” Қз.: “Икмәл-му’лим” 4/159.

Имам Абул-‘Аббас әл-Қуртуби де осы хадиске қатысты: “Бұл хадистен осы күндерде ораза ұстау құпталмайды деп түсінілмейді. Керісінше, бұл күндерде (жасалған) игі амалдар басқа уақыттағылардан жақсырақ!” Қз.: “әл-Муфхих” 3/253.

Имам Ибн Хузайма өзінің жинағындағы Айшаның хадисін келтірген бапты: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір нәпіл амалдарды орындауды қалап тұрса да, бұл амал оның үмметіне міндеттілік болып жүктелетінінен қауіптеніп, оларды қалдыратын, өйткені ол адамдарға олардың міндеттемелерін жеңілдетуді ұнататын”, — деп атады. Қз.: “Сахих Ибн Хузайма” 3/293.

Имам әл-Бәйһақи Хунайд пен Айшаның хадистерін атап кеткен соң, былай деген: “Бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі, әрі жоғарыда Ибн Аббастан келтірілген хадисте[2] де ескеріледі”. Қз.: “Сунан әл-Бәйһақи” 4/274.

Имам ән-Науауи былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол күндерде ауырған немесе сапарда болған, немесе Айшаның өзі оның ораза ұстағанын көрмеген  болуы ықтимал. Әрі осындай түсіндірмеге Хунайд ибн Халидтің әйелі пайғамбардың кейбір әйелдері оның зул-хижжа айының тоғыз күнінде ораза ұстағанын көргендері туралы баяндаған хадисі де нұсқайды”. Қз.: “Шарх Сахих Муслим” 8/50.

Шейх Сыддық Хасан Хан былай дейтін: “Айша (Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның он күнінде ораза ұстағанын) көрмеуі және білмеуі мұның болмағанына нұсқамайды!” Қз.: “әр-Раудату-надийя” 1/556.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай дейтін: “Зул-хижжа айындағы ораза туралы мағынасы бойынша бір-біріне қарама-қайшы екі хадис жеткізілген.  Олардың біреуінде  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы күндерде ораза ұстамады деп, ал басқасында ол олардың барысында ораза ұстады деп келтірілген. Имам Ахмад осы хадистерге қатысты: «Ақиқатында, бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі», — деп айтқан. Кейбір ғалымдар теріске шығарушы хадисті сенімдірек деп санап, оған басымдық беретін. Алайда имам Ахмад екі хадисті де сахих деп санаған әрі: «Ақиқатында, бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі», — деген”. Қз.: «Шәрхул-мумти’» 5/19.

Бірақ тіпті Хунайдтің Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның тоғыз күнінде ораза ұстады деген хадисін тастасақ та, мұның (ораза ұстаудың – аудармашыдан (қаз.)) құпталатынына сахихты туралы ғалымдар арасында ешбір күмән жоқ  «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис  нұсқайды. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757.

Ал ораза игі амалдарға жатпайды ма?! Ақиқатында ораза игі амалдардың ең жақсысына жатады! Абу Умама әл-Бахили былай баяндайтын: “Бірде мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме мүмкіндік беретін бір амал бұйырыңызшы», — дедім. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен ораза ұстауың керек, өйткені оған жететін еш нәрсе жоқ», — деп жауап берді. Ал содан соң мен оның алдына тағы да бір рет келдім әрі ол тағы да: «Сен ораза ұстауың керек», — деді”. Ахмад, ән-Насаи, әл-Хаким, Ибн Хиббан. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4044 және “Сахих әт-тарғиб” 977.

Хафиз Ибн Хәжар: «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис  туралы былай деген: Ораза игі амалдарға жататынын негізге алған түрде, бұл хадис зул-хижжаның он күнінде ораза ұстаудың артықшылығына дәлел ретінде қолданылған. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/534.

Бұдан қалса, зул-хижжаның тоғыз күнінде ораза ұстаудың құпталатындығы сәлафтардың арасында да мәлім болған, ал бұл жайт та мұның орынды екенін күшейтеді. Усман ибн Маухиб былай баяндайтын: “Мен бір кісінің Абу Хурайрадан:  «Ақиқатында, менің мойнымда Рамазан айының өтелмеген оразалары бар; мен (соларды өтемей жатып) зул-хижжа айының он күнінде нәпіл ораза ұстай аламын ба?», — деп сұрап тұрғанын естідім. Бұған Абу Хурайра: «Жоқ», — деді. Ол: «Не үшін?!», — деп сұрады. Абу Хурайра: «Сен Аллаһқа қайтаруға тиісті болғаныңнан баста да, содан соң нәпіл ораза ұста!», — деп жауап берді”. Ибн Абу Шәйба 7715, әл-Бәйһақи 4/275. Иснады сахих.

Бұл хабарда зул-хижжа айындағы ораза сахабалар кезінде де белгілі болғандығына және сәлафтар осы күндердегі оразаға ерекше маңыз бергеніне нұсқайды.

Сондай-ақ осы күндерде ораза ұстаудың абзалдығына көптеген сәлафтардан да жеткізіледі, олардың арасында Мухаммад ибн Сирин, Мужәһид, Хасан әл-Басри, Қатада т.б. Қз.: Ибн Абу Шәйба “әл-Мусаннаф” 4/293  және “Ләтаифул-мә’ариф” 471.

Ал Хасан әл-Басри былай дейтін: “Зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстау екі ай ораза ұстаумен тең!” Ибн Абу Шәйба 4/292.

Тоғызыншы зул-хижжа – Арафа күні ораза ұстау туралы

Зул-хижжа айының алғашқы он күнінің ішіндегі Арафа күнгі ораза ең абзалы болып табылады, әрі бұл үлкен артықшылыққа ие болып, екі жыл барысында істеген күнәлардың өтеуі болады.  Абу Қатаданың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады». Муслим 1162.

Бұл хадисте қажылық жасай алмайтындарға ұлы сый-сауап алуға мүмкіндік берген Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген шексіз рахымы мен жомарттығына нұсқау бар!

Қажылық жасаушы адамға Арафа күні ораза ұстамаған жақсырақ екендігі жайында

Қажылық жасап жүрген адамдарға Арафа күні ораза ұстамаған жақсырақ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық жасағанында бұл күні ораза ұстамаған. Умм Фәдл былай баяндаған: “Арафат тауында тұратын күні адамдарда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстаған-ұстамағандығы жайында күмәндар туындады, сонда мен оған сусын алып бардым, ал ол оны ішіп қойды”. Әл-Бухари 1658.

Икрима былай деп баяндаған: “Бірде мен Абу Хурайраға кіріп, одан қажылық жасаушы адамның Арафа күні ораза ұстауы туралы сұрадым, сонда ол: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық жасаушыларға Арафа күні ораза ұстауға тыйым салды», — деп жауап берді”. Ахмад 2/304, Абу Дауд 2440, әл-Бухари  “әт-Тарих” 7/4425.

Бұл деректің сахихтығына қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар, алайда Ибн Хиббан, Ибн Хузайма, әл-Хаким, әз-Зәһаби және Ахмад Шәкир сынды имамдар оны сахих деген.

Бұл дерек сондай-ақ Умар да, Ибн Умар мен Ибн Аббас та қажылық жасаушының Арафа күні ораза ұстауын сөккендігімен күшейтіледі. Қз.: имам ән-Нәсаи “Сунан әл-кубра” 2823, 2824, ‘Абдур-Раззақ “әл-Мусаннаф” 7820.

Имам әз-Зәһаби былай дейтін: “Қажылардан кім Арафа күні ораза ұстаудың тыйым салынғанын және Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да қажылық жасаған кездерінде Арафа күні ораза ұстамағаны туралы хабардар бола тұра, Арафа күні ораза ұстаса, онда бізге белгілі болғаны – оның осы үшін сый-сауап алмайтыны”. Қз.: “әс-Сияр” 10/684.



[1] Хадисте сөз тоғыз күн туралы болуының себебі оныншы зул-хижжа – бұл ораза ұстауға тыйым салынған Құрбан Айт күні болғанында.

[2] «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис  туралы айтылуда. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757.