Құрметті қажы, Арафатқа аттанудан бұрын Минада түнемеуден, сондай-ақ Құрбан Айт күніне қараған түні Муздалифада түнемей өтіп кетуден сақ бол, өйткені бұл Пайғамбарыңыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басшалығының бір бөлігі болып табылады.  Бұл, әсіресе, Муздалифада таң атқанша түнеуге қатысты, өйткені ол ғалымдардың ең дұрыс пікіріне сәйкес қажылықтың тіректерінің бірі (рүкіні) болып табылады.   Өздерінің қызметтері үшін толығымен ақысын алып жатса да, аз істеп көп табумен басы қатып жүрген кейбір «қажылардың гидтері» деп аталатындардың сәнді сөздеріне алданбаңыздар. Оларға сіздің қажылықтың барлық рәсімдерін өтеген-өтемегеніңіз, оларды Пайғамбарыңыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес орындаған-орындамағаныңыз бәрібір.