Қажылыққа барушыға ізгі кеңестер. Төртінші кеңес

Құрметті қажы, сіз сондай-ақ (Меккедегі) Қасиетті Мешітте де, басқа кез келген мешітте де намаз орындап тұрған адамның алдын кесіп өтуден сақ болыңыз, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ескертекен: «Егер намаз орындап тұрған адамның алдын кесіп өтуші өзінің мойнына қандай (күнә) алып жатқанын білгенде, бір орнында қырық (күн, ай немесе жыл) қозғалмастан тұру ол үшін оның алдын кесіп өтуден жақсырақ екенін түсінер еді»  (бұл хадисті әл-Бухари мен Муслим өздерінің «Сахих» жинақтарында жеткізген).[1] Сондай-ақ, құрметті қажы, сізге алдыңызды қандай да бір нәрсемен (сутрамен) бөгеп алмастан намаз оқуыңызға болмайды. Сіз намаз оқып тұрған кезде адамдардың алдыңыздан кесіп  өтуіне жол бермеу үшін, алдыңызға бөгет ретінде бір нәрсе қоюыңыз қажет. Егер біреу-міреу сіз бен бөгет арасынан өтуге талпынса, сіз оған кедергі жасауыңыз керек.  Бұған қатысты бірқатар хадистер мен асарлар жеткізіледі, олардың кейбіреулерін мен төменде келтіремін:

1. «Егер сендерден біреу өзінің алдына ер тоқымның артқы жағы сияқты бір нәрсені қойса, намазын орындай берсін және оның арғы жағынан өтетін біреуге назар аудармасын»

2. «Егер сендерден біреу адамдардан сутрамен тасаланып намаз орындай бастаса, ал басқа біреу оның алдынан кесіп өткісі  келсе, (намаз орындаушы) оны көкірегінен итеріп жіберсін әрі шамасы келгенше оған қарсылық жасасын, егер де әлгі (біреу бағынудан) бас тартса, ол онымен шайқассын (яғни оны қаттырақ итеріп жіберсін – ред.),  өйткені ол – шайтан!» Бұл екі хадис те сахих болып табылады. Олар екі «Сахихта» келтірілген. Толығырақ (шейх әл-Әлбанидің) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы»[2] кітабын қараңыз.

3. Яхья бин Кәсир былай деп хабарлаған: “Мен Әнас ибн Мәликтің Қасиетті Мешітке кіріп, өзінің алдына (бөгет ретінде) бір нәрсені қойып, оған жүзін қаратып намаз оқи бастағанын көрдім”. Бұл асарды Ибн Са’д сенімді жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы келтірген.

4. Салих бин Кайсан былай деп хабарлаған: ”Мен Ибн ‘Умардың Қағба алдына тұрып намаз орындағанын әрі ешкімді өз алдынан  өткізбегенін көрдім”. Бұл асарды Абу Зур’а әр-Рази “Тарих Димашқта”(91/1), сондай-ақ Ибн Асакир “Тарих Димашқта” (8/106/2) сенімді иснад арқылы келтірген.

Бірінші хадис намаз орындаушының алдында бөгеттің (сутраның) болуы міндетті екеніне нұқсайды, әрі егер ол оны қойған болса, онда біреу оның арғы жағынан өтсе де – оқысы жоқ.

Екінші хадис намаз орындаушы адам кез келген басқа адамға оны мен сутрасының арасын кесіп өтуіне жол бермеуі қажеттігіне нұсқайды. Бұдан тыс, осы хадис намаз орындаушының алдын қасақана кесіп өтуге тыйым салынғандығына нұсқайды, өйткені осыны жасайтын адам шайтан болып табылады.

«Шайтан» деген лақап атқа лайық болып қажылықтан қайтқан адам қандай (нашар) үлеске ие болғанын білсе екен.

Жоғарыда аталған хадистердің екеуі де, сондай-ақ олардың мағынасы жалпы сипатқа ие әрі қандай да бір жеке мешітпен немесе орынмен шектелмейді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз мешітінде хабарлаған бұл хадистер ең бірінші кезекте Қасиетті Мешіт пен Пайғамбар Мешітін, ал содан соң, әрине, басқа мешіттерді де қамтиды. Ал жоғарыда айтылып кеткен екі асар, кейбір «қажылардың гидтері»  мен басқа адамдардың «Бұл тыйым Қасиетті Мешіт пен Пайғамбар мешітіне қатысты емес!» деген сөздерінен айырықша, жоғарыда келтірілген хадистердің Қаситетті Мешіттерге де қатысты екеніне нұсқайды. Сүннетте осы тәрізді тұжырымдарға негіз жоқ.  Сондай-ақ бұл туралы бірде-бір сахабалардан жеткізілмейді. Уа, Аллаһ, тек Мекке Мешітіне қатысты бір-ақ хадистен басқа, алайда оның жеткізушілер тізбегі сенімді емес әрі оған дәлел ретінде сілтеме жасауға болмайды.  Бұл мәселе толығырақ «Қажылықпен байланысты діни жаңалықтар (бидғаттар)» тарауында қаралатын болады (№124 тармақ).



[1] Аудармашыдан (қаз.) — бұл (тыйым) намаз орындаушы мен ол сәжде жасайтын орынның арасынан кесіп өтетін адамға қатысты. Қз.: (шейх әл-Әлбанидің) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы» кітабы, «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының қысқаша мазмұндамасы».

[2] Редактордың ескертпесі: Аллаһтың рахымымен бұл кітап «UMMAH» Баспа үйі тарапынан орыс тілінде басып шығарылды.

You may also like...