Муздалифада екі намазды қосып оқу және сонда түнеу

70- Муздалифаға жетіп барып, ол сонда ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын [өзара қосып] оқыды[1]. Намазға шақыру азаны бір-ақ рет айтылды, ал намаздың басталуы туралы (иқамат) екі намаздың әрқайсысының алдында айтылды[2].

71- Осы екі намаздың арасында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай намаздар оқымады[3].

72- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңға дейін ұйықтауға жатты[4].

73- Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен, азан мен иқамат айтылған соң, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы (фәжр) намазын оқыды[5].



[1] Егер адам құптанға дейін жетіп үлгерсе, онда құптанның (‘иша) уақытын күткен және екі намазды кұптанның (‘иша) уақыты кірген соң орындау жақсырақ болады. Егер адам Муздалифаға уақытылы, яғни түн ортасына дейін жетіп үлгермеуден қорықса, онда ол жергілікті орнында намазды орындай береді.

[2] Әрбір намаздың алдында иқамат айту ақиқат болып табылады. Ал кейбір мазһабтардың екі намаз қоса орындалса, онда бір-ақ иқамат айтылады деген ережесі Сүннетке қайшы келеді. Осы орайда (намаздарды қосып оқу кезінде) екі рет азан айтудың да хадистерде негізі жоқ. Қз.: «Нәсб әр-Райа» (3/69-70).

Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі – бұл адамдардың осы намаздар үшін бірігуі және әр он метр сайын он жамағаттар құрмау қажет екендігі болып табылады.

[3] Яғни ол  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы екі намаздың арасында ешқандай қосымша намаздар орындаған емес. Егер қажы осы екі намазды қандай да бір себептермен арасын бөліп орындаса, бұл оған зиян тигізбейді. Бұған Сүннет нұсқайды.

[4] Ибн әл-Қаййим былай деген: «Сол түні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ояу болмады. Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан  айт және Ораза айт күндеріне қараған түндерде ұйықтамады деген бірде-бір хадис кездеспейді».

[5] Әйелдер мен әлсіз адамдардан басқа барлық қажылар таң намазын Муздалифада орындаулары керек, ал әйелдер мен әлсіз адамдарға топырлаудан қорыққандықтан Муздалифадан түннің үштен екі бөлігі өткеннен, яғни ай көрінбей қалғаннан кейін шыға беруге рұқсат етіледі.

You may also like...