68- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жол жүріп кетті (хадистің басқа нұсқасында: «…адамдар легінің арасында байыптылық[1] сақтап, жүріп кетті», — деп хабарланады). Ол әл-Касуаның басы үзеңгіге тірелетіндей жүгенін қатты тартты. Ол оң қолын алға созып [(хадистің жеткізушісі:) «Былай» (, — деді де), алақанының ішкі жағын аспанға қаратты]: «Уа, адамдар! Тыныштық сақтаңдар, тыныштық сақтаңдар!», — деді.

69- Құм төбелеріне жақын келген әрбір сәтте ол түйесінің олардан өтуі жеңілдеу болу үшін жүгенді аздап босататын[2].



[1] Бұл сөзбен жұмсақтық және тынышталу меңзеледі. Имам ән-Нәуауи былай деді: «Бұл Арафаттан қайтуда байыптылық (тыныштық) таныту сүннет болып табылатынына айғақ болады. Ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бос орын тапса, тезірек жүретін, бұл туралы басқа хадисте айтылатынындай».

[2] Осы жолдың түгел барысында, бұл туралы екі «Сахихта» келтірілген әл-Фәдл ибн Аббастың хадисінде жеткізілетініндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийя сөздерін айтуды тоқтатпады.