104- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесіне отырды да, адамдардың легі арасында (Аллаһтың) Үйіне қарай ұмтылды [, әрі (олар) Қағбаны тауап жасады[1],

105- бірақ әс-Сафа мен әл-Мәруа (төбелерінің) арасын сағи жасамады][2].

106- Ол бесін (зухр) намазын[3] Меккеде орындады[4].

107- Одан кейін ол  бану Абд әл-Мутталиб тайпасының адамдарына жақындады, [ал олар] Зәм-Зәм (бұлағының) суын үлестіріп жатқан болатын[5], және былай деді: «Уа, ‘Абд әл-Мутталибтің ұрпақтары, су шығарыңдар! Егер мен адамдардың сендерді осы жерден ығыстырып тастауларынан қорықпағанымда[6], оны сендермен бірге шығарар едім».

108- Олар оған (Зәм-Зәм бұлағынан) су алып берді, ал ол одан қанып ішіп алды»[7].



* Бұл жерде 10 зул-хижжа Құрбан Айт күні Қағбаны тауап жасау меңзелуде. Бұл тауапты тауаф әл-ифада деп те айтады. Ғалымдардың бір ауызды келісім бойынша бұл тауап қажылықтың тірегі (рүкіні) болып табылады.

ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ

«Кейін рәсімдерін аяқтасын және айтқан нәзірлерін орындап, Ежелгі Үйді (Кағбаны) тауап етсін» («әл-Хаж» сүресі, 29-аят).

Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде былай деп жеткізеді: ««Кейін рәсімдерін аяқтасын», яғни тастарын лақтырсын, құрбандарын шалсын, бастарын қырсын немесе шаштары мен сақалдарын (, бұл Ибн Умардан келгендей, жұдырықтан көбін) және мұрттарын қысқартсын».

 

[1] Алайда Қағбаны осы тауап жасау кезінде қажы оң иығын жалаңаштамайды әрі алғашқы үш айналымдарды жылдам жүріп өтпейді. Содан соң, имам әз-Зухри айтқандай және Ибн Умар: «Әр жеті (айналымнан) соң  — екі ракағат», — деп, осылай жасағандай, қажы, Сүннетке сәйкес, Ибраһим (тұрған) орнының қасында тұрып, екі ракағат намаз орындайды.

Кейін ол, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын сағи жасап, (тиісті жерінде) жүгіріп өтеді. Алайда бұл әл-қиран мен әл-ифрад қажылығын жасаушыларға қатысты емес, өйткені осы екі санаттағы қажылар үшін олар алғаш жасаған сағи жеткілікті болып табылады.

Осының барлығын орындап болған соң, бұған екі «Сахихта» келтірілетін, Айша мен Ибн Умардан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен хадистер айғақ болатындай, қажыларға ихрам халінде харам болған нәрселердің барлығы хәлал болады.

[2] Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) бұл туралы жалпылама түрде хабарлады. Одан айырықша Айша (Аллаһ оған разы болсын) бұл мәселені жан-жақты баяндап, былай деді:  «Умра (жасау ниетімен) ихрамға кіріп, тәлбийя айтқандар (Аллаһтың) Үйін тауап және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасында сағи рәсімін жасады да, кейін ихрам халінен шықты.  Олар (қажылық жасау ниетімен ихрам халіне қайта кіріп, тәлбийя айтқан соң) Минадан оралып, Қағбаның басқа тауабын және әс-Сафа мен әл-Маруа арасын сағи жасады. Ал қажылықты умрамен қабаттастырғандарға (яғни қиран қажылығын жасағандарға) келер болсақ, олар әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын бір-ақ рет сағи жасады». Яғни Жәбир тек Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге әл-қиран қажылығын жасаған әрі өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келген, мысалы,  Абу Бакр, Умар, Тәлха, Али және басқа да ауқатты мұсылмандар сияқты сахабаларды ғана меңзеді. Өйткені дәл солар сағиді бір-ақ рет жасады. Сөйтіп Жәбир барлық сахабаларды меңземеген болатын, өйткені олардың көбі әт-тәматтуғ қажылығын орындап жүрген еді!

[3] Бұл туралы Жәбир айтады, алайда екі «Сахихта» Ибн Умардан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бесін намазын Минада орындағаны туралы жеткізіледі. Ғалымдардың осы екі хадистің қайсысына басымдық беру керектігі туралы пікірлері бір жерден шықпады. Олардың кейбіреулері осы екі хадисті біріктіру жаққа ауды, алайда олардың бірде-бір түсіндірмесі сендіретіндей емес. Қз.: ән-Нәуауи “Шapx «Сахих» Муслим”, Ибн әл-Қаййим «Заад әл-Ма’ад» және әш-Шәукани «Нәйл әл-Әутар».

Осы жерде келесі қосымшаны келтіру орынды: …кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Минаға қайтты да, онда әт-тәшрик күндерін өткізді әрі олардың барысында үш бағанаға тастар лақтырды. Ол бағаналарға тастарды бұны алдынырақ имам ән-Нәуауи түсіндірген реттілікпен лақтырды.

[4] Яғни барлық рәсімдерді зухрға дейін бітірді. Әрі осы Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытының берекетіне нұсқайды.

[5] Бұл олар суды шелектермен алып, оны бактарға, күбілерге және т.с.с. ыдыстарға құйғанын білдіреді.

[6] Бұл мынаны білдіреді: «Егер мен адамдар осыны қажылықтың бір рәсімі деп қабылдап кетуінен әрі топ-топ болып, соның салдарынан сендерді мазалап және қажыларды сусындандырудан ығыстырып тастауынан  қорықпағанымда, мен де оны сендермен бірге шығарар едім, өйткені қажыларды Зәм-Зәм суымен сусындандыруда ұлы игілік бар». Қз.: ән-Нәуауи.

[7] Кейін қажы Минаға оралады да, әт-тәшрик күндерінде сол жерде болып, түнейді. Әр күні күн тал түстен ауған бойдан бірден ол Минада үш бағанаға (жәмраттарға) тас лақтыру рәсімін орындайды.

Имам Бухариде Убраның бірде Ибн Умарға (Аллаһ оларға разы болсын) келіп, одан тасты қашан лақтыру керек екендігі жайында сұрағаны жеткізіледі. Ол: «Имам лақтырған кезде, сенде лақтыр!», — дейді. Убра: “Мен сұрағымды қайталадым. Ал ол: «Біз күннің тас төбеге көтерілуін күтетінбіз, содан соң бірден лақтыратынбыз», — деп жауап берді”, — деді.  Осы дерекке негізделіп, ғалымдар бесін (зухр) (намазын) тас лақтырғаннан кейін оқыған абзал дейді. Осы орайда, бұл туралы алдынырақ, Құрбан Айт күні тас лақтыру туралы сөз болғанда,  айтылып кеткендей, әр бағанаға ол жеті тастан лақтырады.  Ол тас лақтыруды әл-Хайф мешітіне ең жақын орналасқан бірінші бөренеден бастайды. Оған тас лақтырып болған соң, ол сәл алға және оң жаққа қарай ығысады да, жүзін Қыблаға қаратып, қолын жоғары көтеріп, өте көп уақыт («әл-Бақара» сүресін оқып болатындай)  Аллаһқа жалбарынып тұрады. (Сондықтан да осы күндердегі негізгі уақытын қажы жәмараттарда өткізеді.) Кейін ол екінші (ортаншы) бағанаға келеді де, оған да тура сөйтіп тас лақтырады, содан соң сол жаққа қарай өтіп, жүзін Қыблаға қаратып, қолын көтеріп, ұзақ уақыт бойы Аллаһқа дұға етеді.  Кейін ол үшінші бағанаға келеді де – бұл үлкен бағана (жәмрат әл-ақаба) – Қағба оның сол жағында, ал Мина оң жағында болатындай тұрып, оған да тура солай тас лақтырады.  Содан соң ол осы бағананың алдында тұрып қалмай, бірден кетіп қалуға тиіс.

Кейін әт-тәшриктің екінші және үшінші күндерінде де ол тура осы әдіспен тас лақтыруға тиіс.

Ол ташриктің екінші күнінде тас лақтырып болған соң, үшінші күні тас лақтыруға қалмай,  Минада түнемей кетуіне рұқсат етіледі, өйткені Аллаһ Тағала:

واذكروا الله في أيام معدودات ، فمن تعجل في يومين فلا إثم عليه ، ومن تأخر فلا إثم عليه لمن اتقى

«Санаулы күндерде Аллаһты зікір етіңдер! Кім асықса және рәсімді екі күнде аяқтаса, сол күнә жасамайды. Әрі кім ұсталып қалса, сол да күнә жасамайды. Бұл тақуаларға қатысты».

Алайда егер ол (әт-тәшриктің) екінші күні Минадан күн батқанға дейін кетіп үлгермесе, онда Минада келесі күнге дейін қалуға міндетті, бұл Ибн Умардан имам Маликтің «Мууаттасында» келтірілетініндей.

(Үшінші күні) тас лақтыру үшін қалу жақсырақ, өйткені бұл Сүннет.

Сүннетке сәйкес қажылықты орындаудың жоғарыда келтірілген реттілігін сақтау қажет:

Тас лақтыру рәсімі,

Құрбан шалу,

Басты қыру, Қағбаны негізгі тауап (тауаф әл-ифада) жасау, сондай-ақ әт-тәматтуғ қажылығын орындайтын қажының әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын сағи жасау.

Алайда егер қажы қандай да бір рәсімді басқасынан ерте немесе кеш орындаса, бұған рұқсат етіледі, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұда күнә жоқ, бұда күнә жоқ», — деп айтатын.

Орынды себебі бар адамға тас лақтыру рәсімін орындау кезінде келесі нәрселерге рұқсат етіледі:

а) Минада түнемеуге, өйткені Ибн Умар (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізген: «Әл-‘Аббас бин ‘Абд әл-Мутталиб  Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (қажылар) Минада (өткізетін) түндерде оларды сумен қамтамасыз ету үшін Меккеде қалуға рұқсат сұрады және ол оған мұны рұқсат етті».

б) Тас лақтыруды екі күнде емес, бір күнде қоса орындау, өйткені  ‘Асым бин ‘Адий былай жеткізген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олармен бірге (Минаның сыртында) түнейтін түйе бағып жүрген түйешілерге Құрбан Айт күні тас лақтыру рәсімін жасауға және Құрбан Айт күнінен кейін тас лақтыруды екі күннің бірінде екі күндік (рәсімді) қоса орындауға рұқсат етті».

в) Тас лақтыру рәсімін түнде орындауға, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Шопан тастарды түнде лақтырып, күндіз (мал) жаюмен айналысады».

Шариғатқа сәйкес қажы Минада түнейтін түндердің әрбірінде Қағбаға келіп, оны тауап жасауына рұқсат етіледі, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай істейтін. Егер де Минада түнеуді қалдыру үшін басқа себептер болмаса, онда онда түнемеуге тыйым салынады.

Осы күндерде Минада болған кезде, қажы бес уақыт намазды басқа адамдармен бірге имамның басшылық жасауымен бұлжытпастан орындауы керек. Ол намаздарды қысқартып оқиды, бірақ оларды біріктірмейді. Егер мүмкіндік болса, онда намаздарды әл-Хайф мешітінде оқыған абзал, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әл-Хайф мешітінде жетпіс пайғамбар намаз оқыған».

Қажы тас лақтыру рәсімін әт-тәшриктің екінші немесе үшінші күні орындап біткен соң, ол сонымен қажылық  рәсімдерін орындауын аяқтайды да, Меккеге қайтып, онда Аллаһ тағдырына жазған уақыт болады. Ол намаздарын адамдармен бірге имамның басшылығымен орындауға тырысуы қажет, әсіресе, Қорықты Мешітте (Мәсжид әл-Харам), өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің Мешітімдегі (яғни Мәдинадағы Пайғамбар Мешітіндегі  – аудармашының ескертпесі) (бір) намаз Қорықты Мешіттен басқа кез келген (мешітте) орындалған мың намаздан артық, ал Қорықты Мешіттегі (бір) намаз кез келген (мешіттегі) жүз мың намаздан артық».

Ол жиі-жиі Қағбаны тауап жасауы және тәуліктің кез келген өзі қалаған уақытында (Қорықты Мешітте) намаз оқуы керек, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі бұрыш, яғни Қара тас орналасқан және Йемен бұрыштары туралы былай деді:  «Олардың екеуіне қол тигізу күнәларды өшіреді. Ал Қағбаны тауап жасаушыға табанын (әрбір) көтеріп-түсірген сайын Аллаһ бір игі іс жазады, оның мойнынан бір күнәні алып тастайды, әрі оған бір дәреже жазады. Ал кім Қағбаны жеті рет айналса, бұл (ол үшін) бір құлды азат еткендей болады». Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа, бану ‘Абд Мәнаф! Ешкімге осы (Аллаһ) Үйін тауап жасауға және (осында) тәуліктің кез келген өзі қалаған уақытында намаз оқуға бөгет жасамаңдар!»

Қажы өзінің барлық істерін аяқтап болған соң үйіне қайтуды шешсе, оған Аллаһтың Үйімен қоштасу тауабын жасау қажет, өйткені Ибн ‘Аббас былай деп жеткізген: “Адамдар кете бастады, әрі сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Соңғы орындаған нәрсесі (Аллаһтың) Үйін тауап ету болмайынша ешкім кетпесін», — деді”. Ал егер қажы қоштасу тауабын жасаған болса және қандай да бір істер туындап, ол Меккеде қалуға тура келген болса, ол кетуден алдын тағы да қоштасу тауабын жасауға міндетті. Етеккірі келген әйелге қоштасу тауабын жасау үшін алдымен күту бұйырылған еді, алайда кейінірек  мұндай әйелге тазарғанын күтпей-ақ (Меккеден) кете беруге рұқсат етілді, бұл туралы да Ибн ‘Аббас (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) етеккірі келген әйелге, егер ол Қағбаның негізгі тауабын (тауаф әл-ифада) жасаған болса, Қағбаны қоштасып тауап жасаудан бұрын Меккеден кете беруіне рұқсат етті», — деп жеткізгеніндей.

Қажы Зәм-Зәм суынан береке алу үшін, оны алып кете алатындай мөлшерде өзімен бірге алып кетуіне болады.  Мысалы: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны суға арналған қайыс шанаштар мен көріктерде алып жүретін. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Зәм-Зәм суын) аурулардың үстіне құятын және оларға ішкізетін», — деп жеткізіледі. Бұдан қалса, «Минада Мекке алынғанға дейін болған кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сухайл бин ‘Амрға «Бізге Зәм-Зәм суынан жібер әрі (осы істі) тастама!» (деген мазмұндағы) жолдаулар жіберетін, ал ол оған екі үлкен шанаш (Зәм-зәм суын) жіберетін».

Қағбаны тауап жасап біткен соң, (мешіттен) сол аяқпен шығып:

اللهم صل على محمد وسلم ، اللهم إني أسألك من فضلك

(мағынасы: «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа бейбітшілік пен береке бер! Уа, Аллаһ, ақиқатында,  мен Сенен игілік тілеймін!»), — деп айту керек.