Әс-Сафа мен Әлл-Мәруа (төбелернiң) арасын жүрiп өту (сағи)

29- Содан соң ол қақпа арқылы шықты да (хадистің басқа нұсқасында: «Әс-Сафа қақпасы арқылы шықты», — деп хабарланады),  әс-Сафа[1] (төбесіне) қарай бет алды. Оған жақындаған кезде ол (мына аятты) оқыды:

إن الصفا والمروة من شعائر الله

«Иннә әс-сафа уәл-мәруата мин шәаириЛләһ» (мағынасы: «Расында, әс-Сафа мен әл-Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен»)[2], (содан соң):

أبدأ (نبدأ) بما بدأ الله به

«Әбда’у (хадистің басқа бір нұсқасында: нәбда’у) би-мә бәдә’а-Ллаһу би-һи», — (деп айтты) (мағынасы: «Мен Аллаһ бастағаннан бастаймын») (хадистің басқа бір нұсқасында: «Біз … бастаймыз», — деп келтірілген)). Ол әс-Сафадан бастады да, оған (Аллаһтың) Үйін көргенге дейін көтеріле берді.

30- Ол Қыблаға бетін бұрып тұрды, бірқұдайшылық куәлігін айтты, Аллаһты [үш рет] ұлықтады [, Аллаһқа мақтау айтты][3] және былай деді:

لا إله إلا الله وحده لا شريك له له الملك وله الحمد [ يحيي ويميت] وهو على كل شيء قدير لا إله إلا الله وحده [ لا شريك له] أنجز وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده

 «Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһуль мулк, уә ләһуль хамд [юхьи уә юмит], уә һуа алә кули шәин қадир. Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу [лә шарикә ләһ]. Әнжәза уаъдаһу, уә нәсара абдаһу, уә хазамәл ахзабә уахдаһу»

(мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, (Ол) серігі жоқ Жалғыз! Билік пен мақтау-мадақ Оған тән, [Ол тірілтеді және өлтіреді], әрі Ол барлық болмыс үстінен билікке ие! [Серігі жоқ] Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Ол уәдесін орындады, құлына көмектесті және жалғыз Өзі дұшпан тайпаларды талқандады!»)[4].

Ол мұны үш рет қайталады, ал әрбір екі реттің арасында Аллаһқа дұға етіп жалбарынды[5].

31- Кейін ол түсіп, әл-Мәруа (төбесіне) қарай [жаяу] бет алды[6]. Оның аяқтары кеуіп кеткен (арнаның) (уади) ішіне басқан кезде, ол жүгіре жөнелді (сағи)[7], ал ол көтеріле бастаған кезде [бұл «сайдың арғы жағына] [түсіп»] [дегенді білдіреді], жүруге көшті де, әл-Мәруаға жетті. [Ол оған (Аллаһтың) Үйін көргеніне дейін көтеріле берді].

32- Әл-Мәруаның үстінде ол тура әс-Сафада істегендерін істеді[8].



[1] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сағиді / орындаңдар, өйткені Аллаһ сендерге сағиді орындауды бұйырды»

[2] Аят пен «әбда’у би-мә бәда’а-Ллаһу би-һи» сөздерін кісі Сафаға барғанға дейін оқуы керек, өйткені бұл сөздер сағиді орындау кезінде айтылатын зікірлер емес.

[3] Яғни: «Лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Әлхамду лилләһ», — дейді де (3 рет), содан кейін төменде келтірілген зікірді айтады.

[4] Бұл сөздер Аллаһ Тағаланың одақтас тайпаларды адамдар арасындағы шайқассыз әрі мүлде қандай да бір адамдардың араласуынсыз талқандағанын білдіреді. «Тайпалар» дегенде бұл жерде «Хәндак (Ор) шайқасы» деген атпен аталып кеткен тіке-тіресте Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы біріккен пұтқа табынушылардың топтары меңзеледі.

[5] Екі қолды тек дұға еткен кезде ғана көтеру қажет, зікір айтқанда екі қол көтерілмейді. Сондай-ақ осы жерде зікір үш рет, ал дұға екі рет айтылатынына нұсқау бар.

[6] Бұл хадис Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рәсімдік жүгіруді (сағи жаяу жасағанына нұсқайды. Жәбирдің (Аллаһ оған разы болсын) басқа хадисінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әс-Сафа мен әл-Маруа (төбелерінің) арасында сағиды түйенің үстінде жүріп өткендігі туралы жеткізіледі: ол осыны адамдар оны көрулері, (оның жасап жатқан рәсімдерін) бақылап жүрулері және оған өздерінің сұрақтарын қоюлары үшін жасады, өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған болатын.

[7] Яғни қажы оң және сол жақта орналасқан және біздің кезімізде жасыл түспен белгіленген нұсқау белгісіне дейін жүріп барады. Бірінші белгіге жеткен кезде ол келесі белгіге жеткенше жылдам жүгіреді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде осы жерде түбі майда тастармен жайынған әл-Әбтах атты кеуіп кеткен арна орны болатын.  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әл-Әбтах уадиін жылдам жүріп өту керек», — деген.

[8] Кейін қажылық жасаушы адам артына қайтуы және әс-Сафаға көтерілуі қажет. Ол жай жүріспен жүріп өтуге тиіс жерлерді жүріп өтеді, әрі сағи жасап өтуге тиіс жерлерді жүгіріп өтеді. Бұл әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын екінші рет жүріп өту болып саналады. Кейін ол әл-Мәруаға қайтады. Сөйтіп ол осы екі төбенің арасын жеті рет жүріп өтпейінше қайталай береді. Жетінші сағи әл-Мәруада аяқталады.

Әс-Сафа мен әл-Маруаның арасын мініс құралын пайдаланып өтуге де болады. Алайда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл рәсімді жаяу орындау ұнайтын.

Қажы әл-Маруадағы жетінші айналымын біткен кезде, шашын қысқартады да, осымен оның умрасы аяқталады. Енді оған ихрам кезінде тыйым салынған нәрселер рұқсат етіледі және ол ихрамсыз күйде әт-таруия күніне (яғни зул-хижжа айының 8-іне) дейін қала береді.

Кім ихрамға умра мен қажылықты қоса орындамау ниетімен кірген әрі өзінің тұрғылықты жерінен құрбан шалатын малын айдап келмеген болса, сол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына ілесіп әрі оның ашуын туғызған нәрседен қашқақтап, ихрам халінен шығуға тиіс.  Ал кім өзімен бірге құрбандыққа шалатын малын айдап келген болса, сол ихрам халінде болуын жалғастыра береді әрі одан Айт Күнінде тас лақтыру рәсімін орындаған соң ғана шығады.


Ифрад қажылығын және қиран қажылығын жасайтындар үшін сағиді бір-ақ рет жасау уәжіп екеніне келіспеушілік жоқ. Тәматтуғ қажылығын жасаушы адамға келер болсақ, ол, көпшіліктің (жумһур) пікірі бойынша, оны екі рет жасайды. Ахмад пен Ибн Таймийяның пікіріне сәйкес умра кезінде жасалған сағи жеткілікті болып табылады, әрі егер адам қажылық барысында оны жасамаса да – мұның оқасы жоқ. Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.

 

You may also like...