Қажылықты кешіктірмей орындаудың міндетті екендігі туралы

Бұның дәлелдері келесідей:

1) Аллаһтың мына сөздері:

«Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етуге (қажылық жасауға) міндетті. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ әлемдерге мұқтаж емес» («Әли Имран» сүресі, 97-аят).

2)  Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Әй, адамдар, Аллаһ Тағала сендерді қажылықпен міндеттеді, ендеше, оны орындаңдар!»  (Муслим) деген сөздері.

     Бұйрықтағы негіз оны бірден (кешіктірмей) орындау керектігі болып табылады, сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалар оның ихрамнан шығу туралы бұйрығын бірден орындамағаны үшін оларға ренжіген еді.

3)              Адам оны не күтіп тұрғанын білмейді, ол осы жылы Аллаһтың бұйрығын орындай алуы, ал келісі жылы оны орындай алмауы мүмкін.

4)              Аллаһ Тағала игілікке ұмтылуды бұйырып, былай деді:

فَاسْتَبِقُواْ الْخَيْرَاتِ

«Жақсылықта бір-біріңнен озуға тырысыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 148-аят).

     Ал  кешіктіру Аллаһтың бұйырығына қайшы келеді. 

You may also like...