Құрбан шалу және басты қыру

Кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) құрбан шалу орнына барып, сонда өз қолымен алпыс үш [сиыр мен түйені] құрбандыққа шалды.

89- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнын Алиге (Аллаһ оған разы болсын) берді[1]. Ол (Йеменнен) айдап келген [қалған] жануарларды құрбандыққа шалды, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған осыда көмектесті.

90- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр сойылған малдан бір кесім еттен алуды, оларды қазанға салып, пісіруді бұйырды[2]. (Тағам дайын болған кезде,) олар екеуі еттен жеп, сорпасын ішті».

91- [Хадистің риуаяттарының бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері атынан құрбандыққа сиыр шалғаны келтіріледі][3].

92- [Хадистің басқа нұсқасында ол (яғни Жәбир) былай деді: «Біз құрбандыққа жеті (адамның) атынан бір түйе және жеті (адамның) атынан бір сиыр шалдық (ал басқа риуаятта:  «…Ол құрбандыққа түйе шалды», — деп келтіріледі). (Жәбирден жеткен хадистің тағы бір нұсқасында былай деп жеткізіледі: «Бір құрбандыққа шалатын малға жеті (адамнан) тұратын топтан тура келді». Сонда біреу одан (яғни Жәбирден): «Сен сиыр туралы не айтасың: оны бір топ адамдар атынан құрбандыққа шалуға болады ма?», — деп сұрады. Бұған ол (яғни Жәбир): «(Иә, өйткені) ол құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына кіреді», — деп жауап берді).

93- (Хадистің нұсқаларының бірінде былай деп хабарланады: «Жәбир: «Бұрын біз құрбандыққа шалынатын малдың етін (Минада болатын) үш (күннен) артық жемейтінбіз. Ал содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): («Жеңдер әрі қамданыңдар[4]»), — деп, бізге (бұған) рұқсат берді. [Ол былай деді: «Әрі біз (осы еттің бір бөлігін) жедік, (ал қалған бөлігін) қамдандық][та, сол қамданумен Мәдинаға дейін жеттік[5].



[1] Осыда Құрбан шалуды өзге адамға тапсыруға рұқсат етілетініне нұсқау бар.

Сондай-ақ міндетті құрбандық малынан бөлек, — ал ол бір қой, немесе түйе, немесе сиырдың жетіден бір бөлігі, — тағы да қосымша құрбандық шалу құпталатын сауапты іс екендігіне де нұсқау бар.  Өйткені Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек түйенің жетіден бір бөлігі ғана міндетті болатын, ал ол жүз түйе шалды.

[2] Ән-Нәуауи былай деді: «”Бұл хадистің мәтіні құрбандыққа шалған малдың етінен дәм тату абзал екеніне нұсқайды. Өйткені Аллаһ Тағала: فكلوا منها  «…олардан жеңдер», деді”.

[3] Осыда қажылық жасамаған адамдар үшін құрбандық шалуға болатындығына нұсқау бар. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен бірге қажылық жасамаған әйелдері үшін құрбан шалды. Өйткені онымен бірге қажылық жасаған әйелдері үшін құрбан шалу міндетті еді, ал онымен бірге Умм Сәлама, Айша және Сафийя болды.

[4] Редактордың ескертпесі: яғни үйлеріңе қайту үшін етпен қамданыңдар. Сондай-ақ қажы құрбандыққа шалған етпен кедейлер мен мұқтаждарды тамақтандыруы керек, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

و البُدنَ جعلناها لكم من شعائر الله لكم فيها خير ، فاذكروا الله عليها صوافّ ، فإذا وجبت جنوبُها فكلوا منها ، و أطعموا القانع والمُعْتَرَّ

«Құрбандыққа шалынатын түйелерді сендер үшін Аллаһтың рәсімдік белгілері еттік. Мұнда сендер үшін қайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, үстінен Аллаһтың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін, малды еріктеріңе бердік» («Хаж» сүресі, 36-аят).

Кім құрбан шалуға мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды. Мұндай қажыға үш әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етіледі, өйткені ‘Айша және Ибн ‘Умар (Аллаһ оларға разы болсын) былай дейтін: «Құрбандыққа шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етілмейтін».

Құрбан шалудың соңғы күні – үшінші ташриқ күні күн батқанға дейін.

[5] Құрбан айт күні Айша (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң мискпен майлады.  Бұл туралы бұрынырақ сөз болған еді. Яғни тас лақтырып болған соң, адам ихрамнан кіші шығумен шығады да, оған әйелінен басқа барлық нәрсе рұқсат етіледі.

You may also like...