74- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Касуаға отырып, әл-Мәш’ар әл-Харамға дейін жетті [де, оған көтерілді][1].

75- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзін Қыблаға қаратты, Аллаһқа дұға етіп жалбарынды (хадистің басқа айтылу үлгісінде: «Аллаһты мадақтады», — деп жеткізіледі), Оны ұлықтады, «Лә иләһа иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ») сөздерін айтты да, бірқұдайшылық куәлігін жария етті.

76- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жарық түскенше тұра берді.

77- [Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен мына жерде тұрдым, алайда бүкіл Муздалифа тұратын орын болып табылады», — деді].



[1] Бұл жерде Муздалифада орналасқан атақты Кузах тауы меңзелуде. Кейбір фақиһтер осы хадисті әл-Мәш’ар әл-Харам – бұл Кузах тауы дегенге дәлел ретінде пайдаланған. Кұран тәпсіршілерінің, өмірбаян зерттеушілердің және хадис білгірлерінің көпшілігіне келер болсақ, олардың пікірі бойынша бүкіл Муздалифа  әл-Мәш’ар әл-Харам болып табылады. Қз.: ән-Нәуауи.