78- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [жиналу орнынан[1]] күн шыққанға дейін [, байыптылық сақтап,] жолға шықты[2].

79- Өзінің артына ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шаштары әдемі, ақ құба және сүйкімді келген әл-Фәдл бин Аббасты отырғызып алды[3].

80- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыққан бойдан, оның жанынан ішінде әйелдер отырған зембілдер жүріп өтті. Әл-Фәдл соларға қарай бастады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фадлдің бетін қолымен жапты, бірақ ол басын басқа жаққа бұрып қарауын жалғастыра берді.  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фәдл көзін әйелдерден алуы үшін тағы да оның бетін қолымен жапты.

81- Мухассир алқабының ортасына жеткен кезде,  ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [(адамдарға): «Тыныштық сақтаңдар!», — деп,] сәл жылдамрақ жүрді.



[1] Редактордың ескертпесі: жиналу орны (жәм’) – зул-хижжа айының 10-нына қараған түнінде бүкіл Муздалифа алқабы.

[2] Осы орайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәлбийя айтуын тоқтатпай жалғастыра берді.

[3] Осы және осыдан алдынғы тармақ (№67), бұл туралы көптеген хадистер айғақ болатынындай, егер мініс жануары көтере алатын болса, онда артыға тағы бір адамды отырғызуға болатынына нұсқайды. Бұл туралы имам ән-Нәуауи айтқан.