33- Әл-Мәруада соңғы жүгіруді аяқтап болған соң (хадистердің бірінде: «…бұл жетінші (сағи) болатын», — деп хабарланады), ол  былай деді: [Уа, адамдар!] Егер мен бұрынырақ қазір білген нәрсемді білгенімде, өзіммен бірге құрбан шалатын малдарды айдап келмес едім әрі [міндетті түрде] умра жасар едім. Егер сендердің қайсыларыңда өзімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандық малы болмаса, сол өзі жасаған рәсімін умра етіп, ихрам халінен шықсын». (Хадистің басқа риуаятында: “Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Сендер (Аллаһтың) Үйін тауап жасап, әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасап болсаңдар және шаштарыңды қысқартсаңдар[1],  ихрам халінен шыға беріңдер де, әдеттегідей өмір сүре беріңдер, ал әт-тәруия күні[2] келгенде, қажылық жасау ниетімен (қайтадан) ихрам халіне кіріңдер. Ал өздеріңмен алып келгендеріңді умра етіңдер[3]!”)

34- Сонда [әл-Мәруа етегінде отырған] Сурака бин Мәлик бин Жу’шум орнынан түрып: “Уа, Аллаһтың елшісі! [Осы (басқа бір мәтінде: “біз (умра үшін) үзген (қажылық)”, — деп келтіріледі)] біздің умра бізге тек осы жылы ғана бұйырылды [ма] әлде мәңгіге ме [, мәңгі замандарға ма]?” [Ол (яғни Жәбир) былай деді:] «Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолының саусақтарын бір-біріне байлап (тіркеп), былай деді: “Умра қажылыққа [Қиямет Күніне дейін] кірді[4], әрі бұл (сендерге) мәңгі замандарға [, мәңгі замандарға”] бұйырылды» [(, — әрі осыны) үш рет (қайталады)][5].

35- [Ол (Сурака) былай деді: “Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге дініміздің (мәнін) біз енді ғана туылғанымыздай түсіндіріп берші. Біз бүгінгі амалдарымызды неге сәйкес (жасаймыз): тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге ме, (енді ғана жазылатын) нәрселерге ме?” Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жоқ, тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге сәйкес”, — деді. (Сурака): “[Онда] бірдеңе істеудің қажеті не?”, — деп сұрады.[6] Сонда (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: “Амал етіңдер, ал  әркімге [ол не үшін жаратылған болса, соны (істеу)]  жеңілдетіледі”[7].

36- [Жәбир былай деді: “Ол бізге ихрам халінен шыққаннан кейін құрбан шалуымызды бұйырды[8]. Сонда біз малдармызды құрбандыққа шалуымыз үшін топтарға жинала бастадық]. [Жеті адамнан тұратын әр топқа бір жануардан (бадана[9]) тура келді]. [Қім құрбандыққа шалатын мал таппаған болса, (қажылық кезінде[10]) үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстауға міндетті еді]”.

37- [Ол былай деді: “Біз: “Уа, Аллаһтың елшісі, ал ихрам халінен қалай шығуымыз керек?”, — деп сұрадық. Ол: “Толығымен”, — деді”][11].

38- [Ол (яғни Жәбир (Аллаһ оған разы болсын)) былай деді: “Әрі бізге (бұл) жүрегіміз қысылатындай ауыр болды].



[1] Бұл іс-әрекет Сүннетке жатады. Әт-тәматтуғ қажылығын орындаушы қажылар үшін (умра жасап болған соң) басты қырып тастау емес, шашты қысқарту абзалырақ болады. Ол басын айт Күні, қажылықтың барлық рәсімдерін аяқтап болған соң қырып тастайды, бұл туралы Ибн Таймийя мен басқа ғалымдар айтқандай.  Ал Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! Шашын қырып тастағандарды жарылқа», — деп үш рет, ал «Қысқартқандарын жарылқа», — деп бір рет айқанына келер болсақ,  бұл сөздер әт-тәматтуғ қажылығын емес, әл-қиран немесе әл-ифрад қажылық түрлерін орындаушыларға қатысты айтылған.

[2] Бұл зул-хижжа айының 8-күні. Ол тәруия күні деп аталуының себебі – осы күні келесі күндерге, яғни қажыларды сусындандыру және басқа да қажеттіліктер үшін су жиналып әзірленетін. Қз.: “ән-Ниһайя”.

[3] Яғни сендер алдын орындауды ниет еткен әл-ифрад қажылығының орнына умраны жасаңдар, сосын ихрам халінен шығыңдар да, (8 зул-хижжаға дейін) әдеттегідей өмір сүріңдер. Қз.: «Фатх әл-Бәри».

[4] Ән-Нәуауи былай деді: «Ғалымдардың көпшілігі бұл сөздердің мағынасы қажылық айларында умра жасауға болатындығында деп есептейді, ал (бұл) Исламға дейінгі надандық дәуіріндегі қажылық айларында умра жасауға тыйым салынатын тәжірибенің күшін жойды».

[5] Әрі осыда әт-тәматтуғ қажылығын жасайтын адам өз мойнынан бірден екі міндеттемені түсіретініне нұсқау бар.

[6] Редактордың ескертпесі: яғни бәрібір өзгертуге болмайтын және бәрібір қашып құтыла алмайтын нәрсені істеудің қажеті не?

[7] Басқа бір хадисте келесі қосымша бар: “Бақыттыларға қатысты айтар болсақ,  олар үшін бақытты амалдарды істеу жеңілдетіледі, ал бақытсыздарға келер болсақ, олар үшін бақытсыз амалдарды істеу жеңілдетіледі”, — содан соң ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (мына аятты) оқыды:

فأما من أعطى واتقى وصدق بالحسنى فسنيسره لليسرى وأما من بخل واستغنى وكذب الحسنى فسنيسره للعسرى

«Ал енді әлде кім тиістіні берсе, тақуалық етсе, ең жақсы нәрсені (таухид куәлігін немесе Жәннатты) мойындаса; сонда ең оңай нәрселерге оның жолын оңайластырамыз. Ал енді әлдекім сараңдық істесе әрі өзін еш нәрсеге мұқтаж емес деп ойласа,  әрі ең жақсы нәрсені (таухид куәлігін немесе Жәннатты) жасынға шығарса; сонда оның ауырлыққа (жамандыққа және жазаға) ұшырауын оңайластырамыз» («Ләйл» сүресі, 5-10 аяттар)». Бұл хадисті әл-Бухари және басқа (мухаддистер) жеткізген.

Ескерту: Ұғып алуға тиіс екі нәрсе бар: Біріншісі – Аллаһ Тағала бізден қалаған нәрселер. Екіншісі – Ол бізбен істегісі келген нәрселер. Әрі Ол бізден қалайтын нәрселерді бізге баяндап берді де, ал бізбен істегісі келген нәрселерді бізден жасырып қойды. Сондықтан да білетін нәрселеріңді ұмытып және қалдырып, білмейтін нәрселермен айналысудың қажеті жоқ.

[8] Бұл Қорықты (Қасиетті) Үйге сіздің Аллаһ үшін құрбандық шалатын малыңыздан берілетін сыйлық. Қз.: “ән-Ниһайя”.

Әрі бұл қажылық үшін құрбандық шалу жөніндегі бұйрық болатын. Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның оныншы күні құрбан шалды, бірақ мұны оныншы күнге дейін істеуді рұқсат етті. Сондықтан да умрадан кейін құрбан шалу сүннет болып табылады, бірақ әт-тәматтуғ қажылығын жасайтын кісі үшін емес. Әрі сондықтан да Ибн Умар (Аллаһ оның екеуіне де разы болсын) умрадан кейін құрбан шалатын. Сол себепті де умраны кіші қажылық деп атаған.

[9] Редактордың ескертпесі: арабтың «бадана» сөзі Меккеде құрбандыққа шалынатын ұрғашы түйені білдіреді.

[10] Редактордың ескертпесі: Сүннетке сәйкес қажылық орындаушы зул-хижжа айының 9-күні (Арафатта тұру күні) ораза ұстамауға тиіс.  Мысалы, Умм әл-Фәдлдің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Арафатта  (тұратын) күні адамдарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстады ма, әлде ұстамады ма?» деген күдіктер туындады, сонда мен оған сусын беріп жібердім, ал ол оны ішті» («Сахих» әл-Бухари). Ал қажылықта емес мұсылмандарға келер болсақ, оларға, керісінше, зул-хижжа айының 9-күні ораза ұстау нұсқалады. Бұл туралы Абу Катада (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте  Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Арафатта (тұру) күнінде ораза ұстау туралы сұралғандығы, әрі ол: «(Бұл күнде ұсталатын ораза) өткен және келесі жылдың (күнәларының) өтеуі болады», — деп жауап бергендігі туралы айтылатындай (Муслим).

Зул-хижжа айының 10-күні (Ид әл-Адха, Құрбан Айт) туралы айтар болсақ, барлық мұсылмандарға түгел, олар қажылықта болсын-болмасын, осы күні ораза ұстауға қатаң тыйым салынады (харам). «Абу Саид әл-Худри  (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жылдың екі күнінде: Ораза Айтта және Құрбан Айтта – ораза ұстауға тыйым салғанын жеткізген» (әл-Бухари және Муслим).

Әрі соңында, әт-тәшрик (яғни зул-хижжа айының 11, 12 и 13) күндері туралы айтар болсақ, онда осы күндерде құрбан шалуға мүмкіндіктері болмаған қажыларға ораза устауға болады, бұл туралы  Айша және Ибн Умар, Аллаһ оларға разы болсын: «Тәшрик күндері құрбан шала алмағандардан басқа ешкімге ораза ұстауға рұқсат етілмейтін», — деп жеткізгендей (әл-Бухари және Муслим). Сондай-ақ құрбан шалуға мүмкіндігі болмаған қажылар үш күндік оразасын умрадан соң бірден, яғни 8 зул-хижжаға дейін-ақ бастауларына,  ал үйлеріне қайтқан соң жеті күн ораза ұстауына болады. Егер олар осыны істемесе, онда ең дұрыс пікірге сәйкес, оларға құрбан шалу міндетті болады, өйткені олар осының орнын басатын нәрсені орындамады.

Ал қажылықта емес мұсылмандар әт-тәшрик күндерінде ораза ұстамауы керек. Бұған Нубайша әл-Хузали (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген келесі хадис айғақ болады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әт-тәшрик күндері – бұл ішіп-жеу және Ұлы әрі Құдіретті Аллаһты зікір ету күндері»« (Муслим).

[11] Яғни умра рәсімдерін орындап болған соң және қажылық рәсімдері басталғанға дейін кісінің мойнынан ихрамдағы адамға қойылатын шектеулер түседі.  Ибн Хәжар былай деді: “Сахабалар қажылық жасаушы ихрамнан екі рет шығатынын білген болуы керек, сондықтан олар осы мәселені анықтап алғысы келді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға ихрамнан толық шығу керек екендігін, өйткені умра ихрам халінен бір рет қана шығуды меңзейтінін түсіндіріп берді”.

Ескерту: ғалымдардың арасында «толық» деген сөзді түсінуде келіспеушілік бар. Олардың көпшілігі харам аймағында болу шартымен толығымен ихрамнан шығу туралы сөз болуда деп айтады. Қазіргі заман ғалымдарынан бұл пікірді шейх Ибн Баз және шейх Усаймин, Аллаһ оларды рахым етсін, ұстанған. Ал басқалары харамда болу шарт емес, әрі адам тіпті өз үйіне де қайта алады деп айтады. Қазіргі заман ғалымдарынан бұл пікірге шейх әл-Әлбани тоқтаған.