1)  Ислам.

Яғни адам мұсылман болуы керек. Өйткені Аллаһ Тағала кәпірдің құлшылық-ғибадатын қабыл етпейді. Бұған Құран былай деп нұсқайды:

وَمَا مَنَعَهُمْ أَن تُقْبَلَ مِنْهُمْ نَفَقَاتُهُمْ إِلاَّ أَنَّهُمْ كَفَرُواْ بِاللّهِ وَبِرَسُولِهِ

«Олардың сарып қылғандары олардан қабыл болуына Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы болғандықтары ғана кедергі болады» («әт-Тәуба» сүресі, 54-аят).

2)  Еркіндік.

Яғни адам құл болмауы тиіс. Өйткені құлдың мал-мүлкі оның қожайынына тиісті болады, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер біреу мал-мүлікке ие болған құлын басқа біреуге сатса, оның мал-мүлкі құлды сатып алған адамның меншігіне айналады», — деп айтқанындай.  Сондықтан да құлдың мал-мүлкі болмаса, ол қажылықты жасай алмайды.

3)  Балиғат жасына толу және ақыл-парасат (таклиф).

Алайда егер бала қажылық жасаса, онда оның қажылығы есептеледі, бірақ ол оның мойнынан Исламның (парыз) қажылығын түсірмейді. Оның қажылығының есептелетініне имам Муслим жеткізген (біреу) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жас баланы көрсетіп: «Оның қажылығы есептеледі ме?», — деп сұраған кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Иә, әрі саған да сауап бар!», — деп айтқаны туралы хадис дәлел болады.

Балиғатқа толу ер адамдарда 3 белгінің, ал әйел адамдарда 4 белгінің біреуінің пайда болуымен жүзеге асады: 1 — Поллюция. 2 — Жыныстық мүшелердегі түктер. 3 — 15 жасқа толу. Әйелдерде де тура солай және тағы бір белгі – бұл етеккірдің келуі.

4) Құдірет (күш-қуат) (қудра). Яғни қажылықты жасауға дене және материалдық мүмкіндігі бар адам.

Бұл мәселенің 4 үкімі бар:

1 – Дәулеті мен денсаулығы (қажылықты өтеуге) жеткілікті адам. Мұндай адам қажылықты өзі орындауға міндетті;

2 – Денсаулығы бар, бірақ қаражаты жоқ адам. Егер қажылықты ақшасыз орындау мүмкіншілігі болса, онда ол  мұны істеуге міндетті;

3 – Дәулеті (қажылықты өтеуге) жеткілікті, бірақ дене тұрғыдан ауру адам. Ол өзінің орнына қажылық жасайтын адамға тиісті қаражатын беруге міндетті;

4 – Кедей (қажылық жасауға қаражаты жоқ) әрі ауру адам. Оның мойнынан қажылық міндеті түседі.

— Сондай-ақ материалдық мүмкіншілікке оның қажылық сапарға кетер кезінде өз отбасына қаражат (нәпақа) беріп кетуі керектігі де кіреді.

— Сондай-ақ адамға қажылық жасауы үшін зекет беруге де болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық – Аллаһтың жолынан», — деп айтқан.

5) Әйел кісі үшін махрамның болуы.

Махрамның болуы күш-қуат (құдірет) (қудра) мәселесіне қайта тіреледі. Әрі кімнің махрамы болмаса, сол материалдық немесе дене тұрғыдан мүмкіншіліктері жоқ адам секілді болады. Әйелдің махрамдарына мына туысқандары жатады: әкесі, әкесінің әкесі,  ұлы, ұл немересі, туған бауыры, туған бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұл балалары, әкесі мен шешесінің бауырлары. Сондай-ақ махрамға омыраумен емізудің себебінен махрамға айналғандар да жатады. Яғни сүт әкесі, сүт атасы, сүт ұлы, сүт немересі (ұл бала), сүт бауыры (сүт ағасы немесе інісі), сүт бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұлдары.

Сондай-ақ махрамға күйеуінің әкесі мен атасы, күйеуінің ұлы мен ұл немересі, анасының күйеуі (егер онымен ерлі-зайыпты өмір сүруді бастаған болса), қызының (күйеуі мен) ұлы кіреді.