94- (Хадистің бір нұсқасында былай деп хабарланады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалды [және басын қырды]»)[1].

95- “Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Құрбан Айт күні Минада] адамдармен бірге болды. Әрі [сол күні] оған [, ретінен бұрын істелген] рәсімге қатысты қандай сұрақ қойылса да,  ол міндетті түрде: «Ода күнә жоқ, ода күнә жоқ»[2], — деп жауап берді. Мысалы, оған бір кісі келіп: «Мен басымды құрбан шалғанға дейін қырып тастадым», — дегенде, (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», — деп жауап берді).

96- Кейін оған басқа адам келіп: «Мен басымды тас лақтырғанға дейін қырып қойдым», — деді, (оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», — деп жауап берді.

97- [Кейін оған басқа адам келіп: «Мен Қағбаны тас лақтырғанға дейін тауап жасап қойдым», деді,  (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», — деп жауап берді].

98- [Басқа бір кісі: «Мен Қағбаны құрбан шалғанға дейін тауап жасап қойдым», деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Оны шала бер, әрі бұда күнә жоқ», — деді].

99- [Кейін тағы бір адам келді де: «Мен құрбанды тас лақтырғанға дейін шалып қойдым», — деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «[Оларды лақтыр, әрі] бұда күнә жоқ», — деді].

100- [Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен құрбандықты осы жерде шалдым, алайда Минаның барлығы құрбан шалатын орын болып табылады].

101- [Әрі Меккенің әрбір шатқалы мен оған (алып баратын) жол да құрбан шалатын орын болып табылады][3].

102- [Сондықтан да құрбандықтарыңды тұрақталған орындарыңда шала беріңдер», — деді]».[4]



[1] Бұл Сүннетке сәйкес құрбан шалғаннан кейін басты қыру керек екендігіне нұсқайды, ал құрбан шалуды, өз кезегінде, (үлкен бағанаға, жәмрат әл-ақабаға, — редактордың ескертпесі) тас лақтырудан соң орындау керек. Сондай-ақ, Сүннетке сәйкес, бас қыруды оң жақтан бастау қажет, өйткені Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Минада өзі тұратын орынға келіп, құрбан шалып, ал содан соң шаштаразға (басының) оң жағына, содан соң сол жағына нұсқап: «Баста!», — дегенін жеткізеді. Содан соң ол өзінің шаштарын адамдарға тарата бастады (Муслим).

Басты түгел қырып тастау жақсырақ болады. Өйткені басты қыру абзалырақ амал болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ, шашын қырып тастағандарды жарылқа!», — деді. (Адамдар): «Шашын қысқартқандар үшін (дұға етіңіз), уа, Аллаһтың елшісі!», — деді. [Төртінші ретінде ол: «Қысқартқандарды да», — деді]. Егер біреу шашын қысқартуды қаласа, ол шашын түгел бірдей қысқартуы керек.

Әйел кісі 2 см. ұзындығындай шашын қысқартады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдерге басын қыру бұйырылмаған. Ақиқатында, оларға шаштарын қысқарту бұйырылған», — деп айтқан. Ол шаштарын алақанымен қысып алып, бармағының ұшындай мөлшерде (анмуля) оларды қырқуы керек. Осы орайда әйел адам шаштарын бөгде адамдарға көрсетуіне болмайды.

[2] «Бұда күнә жоқ» деген сөздер келісіні білдіреді: «Қалған рәсімдерді аяқта, ал орындап қойғандарың сен үшін есептеледі. Әрі сен бір рәсімді басқасынан ерте, не кеш орындағаныңда қорқынышты еш нәрсе жоқ». Сонымен бірге, қажы Құрбан Айт күні төрт рәсімдік амал орындалатыны туралы білуі керек: үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтыру; содан соң құрбан шалу; содан соң басты қырып тастау; ал содан кейін Қағбаны негізгі тауап (тауаф әл-ифада) жасау. Осы реттілікті сақтау, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, Сүннетке жатады, алайда осы реттілікті өзгертуге болады, әрі бұл, бұған осы және өзге де мағыналас хадистер айғақ болатындай, өтемақыны (фидья) талап етпейді. Ән-Нәуауи: «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан болған салиқалы сәлафтардың ұстанымы осындай», — деді.

[3] Бұл сөздер құрбанды Минадағыдай Меккеде де шалуға болатындығына айғақ болады. Әл-Бәйһақи өзінің «әс-Сунан» (5/239) кітабында сахих иснад арқылы Ибн Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) келесі сөздерін келтіреді: «Ақиқатында, құрбандық Меккеде (шалынады), алайда Мекке қаннан таза. Сонымен, Мекке – бұл Минаның бір бөлігі» (бұл асардың басқа бір нұсқасында: «Ал Мина – Меккенің бір бөлігі», — деп келеді). Осы нұсқа ақиқат болуы ықтимал. Аталған асардың  бірінші нұсқасында ‘Атадан қосымша  Ибн Аббас Меккеде құрбан шалғаны, ал Ибн Умар малды құрбандыққа Меккеде емес, Минада шалатыны жеткізіледі.

Ал басқа жерлерде, бұл туралы ғалымдар айтқандарындай, құрбан шалуға рұқсат етілмейді.

[4] Сүннетке сәйкес түйені немесе басқа құрбандық малын, мүмкіндік болса, өз қолымен шалу керек. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда мұны өз атынан шалуды басқа біреуге тапсыру қажет. Малды құрбандыққа шалғанда (бұған Сүннет нұсқайтындай) оны Қыблаға қаратып, сол жамбасына жатқызып, оң аяқты малдың оң жамбасына қою керек  (малды жатқызу және оның жамбасына аяқты қою туралы әл-Бухари мен Муслим жеткізген).

Түйеге келер болсақ, онда Сүннетке сәйкес оны ән-нәхр тәсілімен құрбандыққа шалу керек: оның алдынғы сол аяғы байланады да, ол қалған (үш) аяғында тұрады. Осы орайда оның тұмсығы Қыблаға қаратылады. Құрбан шалғанда:

بسم الله ، و الله أكبر ، اللّهم إن هذا منك ولك اللهم تقبل مني

(мағынасы: «Аллаһтың атымен әрі Аллаһ Ұлы! Уа, Аллаһ, ақиқатында бұл Сенен және Саған! Уа, Аллаһ менен қабыл ет!»), — деп айту керек.